2024-09-20 05:54:07
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай драма театрына жаңа басшы тағайындалды

Жетісай драма театрына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының бұйрығымен Камал Орал Сержантұлы Құрманбек Жандарбек атындағы Жетісай драма театрына директор болып тағайындалды. Жаңа басшыны театр ұжымына Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан таныстырды.

Камал Орал Сержантұлы 1997 жылы 2 қазанда Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Мәдени – тынығу жұмысы», академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Құқық және заң» мамандықтарын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • – 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы ЖШС «Ай-Тұмар» қуыршақ театрының шығармашылық ұжым жетекшісі;
  • – 2017-2018 жылдары Мақтаарал ауданы ЖК «Абдирахим» қуыршақ театрының шығармашылық бөлім басшысы;
  • – 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы, ЖШС «Шымкент жастар театры» директорының орынбасары;
  • – 2020-2021 жылдары Жетісай аудандық мәдениет үйі КММ-нің мәдени ұйымдастырушысы;
  • –2021-2022 жылдары Жетісай ауданы ЖШС «ТалантStar» балалар өнер мектебінің директоры;
  • –2022 жылы тамыз-қыркүйек айында Шымкент қаласы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымыны» МКҚК-ның шығармашылық-әдістемелік бөлімінің басшысы;
  • – 2022 жылдан бастап Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде «Атакент зияткерлік гимназия мектебінде» бүгінгі күнге дейін директор лауазымын атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР