2024-07-27 13:27:47
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан – Орта Азияның мәдени платформасы

 

Түркістан – Орта Азияның мәдени платформасы

Қазақстандағы туризм саласының дамуы жан-жақты жүргізіліп келеді. Соның ішінде мәдени туризмнің орны бөлек. Мысалы, Қазақстанға жылына 4 млн. 560 мың адам келіп, ЖІӨ-нің 5,3% туристік қызметтерден түскен қаржыдан құралады. Бұл көрсеткішті «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында» 8% дейін жеткізу көзделуде. Қазірге дейін ЮНЕСКО тізіміне Қазақстандағы 2 табиғи және 3 архитектуралық объектінің кіруі әлемдік статистикалық көрсеткіштерде еліміздің мәдени туризмді дамытуға қолайлы екендігін түсіндіреді.

Қазақстанның туризм саласының мәдени немесе этнотуризмге негізделуі оның көне көшпелі өркениет пен Жібек Жолы бойындағы қалалық мәдениеттің сақталуының нәтижесі болып отыр. Себебі Қазақстандағы табиғи және архитектуралық ескерткіштердің бүгінгі күнге жетуі халықтың этномәдениетімен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде Түркістан қаласының маңындағы археологиялық ескерткіштердің саны 99-ға жетіп отыр. Бұл өңірдегі көне қалалардың мәдени қабатының тереңде екендігін көрсетеді. Түркістанның көне мәдениетінің соңғы кезеңдері Қазақ хандығымен тікелей байланысады және онда қазақ хандары мен билерінің пантеоны қалыптасқан (өз кезегінде қазақ халқы Түркістанға зиярат етуді «кіші қажылыққа» теңеген). Қаладағы бұл нысандар археологиялық және этнографиялық кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасындағы» ТОП-10-дыққа енген туристік нысандарға Түркістан облысы жылына 1,5 млн. турист тартуы қажет. Ал, осы бағдарламада Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қатысты арнайы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері қарастырылады. Бұл кластер

Қызылорда облысының орталық және шығыс бөлігін, Түркістан облысының оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері кезең-кезеңмен кеңейтіліп, «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Жалпы алғанда, Түркістан облысының туристік кластеріндегі мәдени туризмнің орны ерекше. Оның келешекте даму әлеуеті жан-жақты дамытылады. Бұл Қазақстанның тек туристік саласы үшін ғана емес, сонымен қатар, бүкіл Орталық Азияның экономикалық және мәдени платформасы ретінде қызмет атқаратыны сөзсіз. Сондай-ақ, облыс халқының әлеуметтік құрылымының өзгеруіне де оң ықпалын тигізеді.

Дәулет Жайлыбаев, жазушы, этнограф,
Еуразия ҒЗИ ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР