2024-04-25 01:54:49
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Калыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаева, Жанат Тоғайбекова, Мұрат Садуов, Марина Лимаренко Кентаудағы «Ш.Қалдаяқов» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Кентауды дамытудың 7 басым бағыты белгіленіп отыр. Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты қала», «Ыңғайлы қала», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала», «Жастарға арналған қала», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз қала». Бұл жеті бағыт Кентаудық дамуына жол ашатын болады – деген Қалыйма Жантөреева әрбір басымдыққа жеке-жеке тоқталып өтті.

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 50 мыңнан астам жас бар. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді.

Бағдарламадағы жастар бағытына тоқталған Насиба Атаева 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайтындығын айтты.

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

Ал Жанат Тоғайбекова денсаулық сақтау мен білім беру және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізілетіндігіне тоқталса, Баймахан Сүлейменов әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінетіндігін жеткізді. Мұрат Садуов кәсіпкерлерлерге көрсетілетін қолдаулар бойынша түсіндіріп өтті.

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 12 ұлт өкілі татулықта өмір сүруде. 6 этномәдени орталық қызмет етеді. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

«Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы» – деген Марина Лимаренко бағдарлама қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайтындығын сөз етті.

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

«Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді – деді ол.

 

Түркістан: Нұротандықтар моноқаланы дамыту жоспарымен бөлісті

Басқосуға қатысқан көпшіліктың сұрақтарына кең көлемде жауаптар берілді. Ұсыныстары арнайы бақылауға алынды.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиталының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР