2021-10-26 14:03:42
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Ішкі жолдар 100 пайыз жөнделетін болады

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Ішкі жолдар 100 пайыз жөнделетін болады 1

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Гүлмира Орақбаева мен Гүлжан Молдағұлова «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес Достық ауылдық округіне қарасты Қалшораев елді мекенінде болды.

«КАНВАССИНГ» шарасы аясында үміткерлер еңбек ардагері Зылиха Егізбаеваның үйінде болды. Жүздесу барысында партияның бастамасымен қабылданған бағдарламалар мен олардың нәтижелері, пайдалары туралы кеңінен мағлұмат берген үиіткерлер «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасымен, ондағы ерекше басымдықтармен таныстырды. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Зылиха Егізбаеваның ауылдың ішкі көшелеріне жол салып, интернет байланысын жақсарту туралы айтылған өтінішін жазып алған үміткерлер тиісті  мекемелерге сұрау салып, жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей 2025 жылға дейін аудан орталығы мен елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдаушы шығын автобустар жүргізіліп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары 100%-ға жетеді.

Ал, қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 1 971 дана, яғни, 30% компьютерлік техника және соңғы үлгідегі кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілетін болады.

Осы және өзге де мәселелер жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізген үміткерлер зейнеткерді сайлауда партияға қолдау көрсетуге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал
аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР