2021-10-27 22:18:55
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан аудандық мәслихатқа үміткерлер қоғамдық қабылдау өткізді

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан аудандық мәслихатқа үміткерлер қоғамдық қабылдау өткізді 1

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан аудандық мәслихатқа үміткерлер Асқар Кенехан мен Айдар Байысбеков және Абзал Әділбеков «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.

Қабылдауға қатысқан, шақпақтық Жанар Шортанбаеваның денсаулығына байланысты өтініші тыңдалды.

Қабылдауға қатысқан азаматшаның өтініші зерттеліп, зерделенуде. Қабылдау өткізген үміткерлер азаматшаның өтінішін қанағаттандырылуы үшін жұмыс атқаруға өзара уағдаласты.

«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды.

Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.

Қабылдау тікелей эфирде жүргізілді.

 

Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР