2021-10-27 06:43:09
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тіліксіз ота — рентгенхирургия

Тіліксіз ота - рентгенхирургия 1

Қарабаев Нұржан иненің ұшындай ғана тесікпен аппаратпен күрделі операциялар жасайтын білікті рентген хирург-дәрігер.

Тіліксіз ота жасайтын дәрігерді науқастар «Шебер хирург» деп атап кеткен. Себебі білікті маман пышақсыз ота ғана жасап қоймай, операция кезінде пациенттердің ағзасын сақтап қалып, қалыпты өмірге оралуына барынша үлесін қосады.

Нұржан Әсілұлы тамырішілік, тілмей тамырды тесіп кіріп, бас ми, аяқ-қол, кіші жамбас астау мүшелерінің тамырларына, инсульт алған науқастарға, қант диабеті мен артерияларының тарылу/бітелу кезінде, жатыр миомасына, еркектердің қуықасты безінің қатерсіз ісігіне тағы сол сияқты қан тамыр ауруларына шалдыққандарға тіліксіз ота жасайды. Алтын қолды хирург жылына 300-ден аса науқасқа операция жасап, ауыр дерттен аман алып қалады.

Н. Қарабаев қазірде Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасында рентгенхирург дәрігері болып жұмыс жасайды. Медициналық ұйымда хирург жедел жәрдем қызметімен жеткізілетін науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп, шұғыл жағдайда операциялар жасайды.

Жұмыс істеу барысында медицина маманы 2012 жылдан бері өз мамандығы бойынша шет елдерде білімін жетілдіріп келіп, әр түрлі конференциялар мен семинарларға және қайта даярлау курстарынан өткен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР