2021-10-17 06:03:54
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «мен қауіпсіздіктемін» акциясы өтті

Шымкентте «мен қауіпсіздіктемін» акциясы өтті 1
Үшінші мегаполисте коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғандарға білезіктер таратылды. Қалалық №1 емханасында өткен акция аясында екпенің екінші компонентін алуға келген азаматтарға еріктілер «мен егілдім», «мен қауіпсіздіктемін» деген жазуы бар білезіктер үлестірді.
– Емханадағы вакцинация пунктінде екпенің алғашқы дозасын алуға келгендердің бәріне осындай білезіктер бере бастадық. Вакцинаның қай түрін алуға келгеніне қарамастан тұрғындарға кішігірім сыйлық үлестіріледі. Мұндай акцияларды ұйымдастыру вакцинацияның маңыздылығын көрсетеді деп санаймыз. Өйткені, «мен екпе алдым», «қауіпсіздіктемін» деген сөздердің өзі ұжымдық иммунитет қалыптастырып, пандемияны жеңу үшін бүкіл ел екпе алуы керек екенін ерекше көрсетіп тұр, — дейді қалалық №1 емханасының инфекционист-дәрігері Жанайым Полат.
Жұқпалы аурулар дәрігерінің айтуынша, аталған емханада 46210 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 26500 адамға вакцина салу жоспарланыпты. Бүгінгі таңда екпе алғандар көрсеткіші 98 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, 9 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығады.
Ал қала тұрғыны Гүлнар Кенжеәлі вакцинацияның маңызын халық түсінгенін жеткізді.
– Мен өзіме, туыстарым мен отбасыма қауіп төндірмес үшін алғашқы мүмкіндікті пайдаланып екпе алдым. Бұл жаһандық індетпен күрестегі ең маңызды қадам деп білемін. Екпе алу – еліміздің әрбір азаматының парызы. Бүгін екінші компонентін салдырдым. Алғашқысында да айтарлықтай кері әсері болмады. Қазір өзімді жақсы сезініп отырмын, — дейді көпбалалы ана.
Ал еріктілер қаладағы үш егу пунктінде осындай білезіктер берілетінін жеткізді.
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 521 078 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР