2024-04-26 17:28:49
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте келесі айдан бастап кондукторлар қызмет көрсетпейді

Шымкентте келесі айдан бастап кондукторлар қызмет көрсетпейді

Қоғамдық көлік саласында Шымкент қаласында үлкен жаңалық күтіліп отыр. Тамыз айының ортасынан бастап қаладағы жолаушылар тасымалдайтын автобустарда кондукторлық қызмет алынып тасталады. Яғни бұрынғыдай қоғамдық көлікте жолақысын жинайтын, жолаушылардың Төлем карталарымен ақша төлегендерін бақылайтын кондукторлар болмайды. Бұл қызметтің барлығын ендігі жерде автобус жүргізушісі қоса атқарады. Жүргізушіге қосымша екінші валидатор беріледі. Жолаушылар жолақыны, егер Төлем картасымен болса, автобус салонындағы немесе жүргізушідегі валидатор арқылы төлейді. Төлем картасы жоқтар жүргізушіге 100 теңге береді.

Осы тұста кондукторлар қайтпек? Барлығы жұмыссыз қала ма? Шымкент қалалық жолаушылар тасымалдау қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов кондукторларға барлығына болмаса да біразына жұмыс табылатынын айтады. Олар кондуктордан контролер қызметіне ауысады. Жол-жөнекей тексеріп, автобусқа «қоян» боп мінгендерді анықтап, айыппұл салдырады. Бір айыппұлдың құны 2 АЕК немесе 6030 теңге. Полиция департаменті бұл реформадан хабардар екен. Контролерлармен қоян-қолтық жұмыс жасауға әзір отыр.

Қоғамдық тасымалдау саласында тұрған бүгінгі проблема қалада автобус жүргізушілері жетіспейді. Өйткені бірде-бір автомектепте жүргізушіліктің D категориясын бермейді екен. Осы мәселені қауымдастық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының назарына салыпты. Сонымен бірге болашақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындай Шымкентте де автобустарға арналған жолақтар пайда болады. Бірақ бұл іс біртіндеп жүзеге асырылады.

Айта кету керек, қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша Шымкент республикада елордадан кейінгі екінші орында тұр. Күнделікті қала көшелерінде 900-ге жуық жолаушы тасымалдаушы көліктер қызмет көрсетеді. Ал олардың қызметін күн сайын 200-300 мың халық пайдаланады.

Шымкент қалалық жолаушылар тасымалдау қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюповтың айтуынша, шалғайдағы барлық елді мекендер де жаңа автобустармен толық қамтылды. Субсидия беріліп жатқанына, міне үшінші жыл. Қала әкімдігі қоғамдық тасымалдау саласына қажетті қолдау көрсетіп отыр. Көп қалада мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған. Шаһардағы автобустарда кондукторлар, жүргізушілер уақтылы жалақысын алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР