2021-10-27 06:57:08
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент зообағының ашылғанына 41 жыл толды

Шымкент зообағының ашылғанына 41 жыл толды 1

«Шымкент мемлекеттік зообағы» Шымкент облыстық атқару комитетінің қаулысымен, қазақтың біртуар ұлы Социалистік Еңбек Ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың жеке бастамасымен ашылған болатын, деп хабарлайды Citynews Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанды ескі карьердің орнына орналастыру жоспарланып, көпшіліктің жігерлі еңбегінің арқасында аз уақыт ішінде салынып, 1980 жылы 29 сәуір күні жұмысын бастады.

Құрылыс жұмыстарына 54 мекеме қатысқан. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болған. Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті. Қазіргі таңда зообақта жануарлардың 289 түрі, 2608 басы бар.

Зообақ жыл санап көркейіп келеді. 41 жыл ішінде халықтың игілігі үшін жұмыс істеп келе жатқан зообақ балалар мен келушілер үшін ең сүйікті демалыс орындарының бірі.
Зообақтағы жан-жануарлардың басы мен түрінің артуымен қатар, тазалығы, көгалдандырылуы және қайта құру жұмыстары да атқарылуда. Бұл – үлкен жұмыс.
Демалыс орнының осы жылдар ішінде қалай өзгергенін назарларыңызға ұсынамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР