2024-04-27 08:43:18
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«SHYMKENT ZHASTAR LIGASY» жобасының екінші маусымы басталды

«SHYMKENT ZHASTAR LIGASY» жобасының екінші маусымы басталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкенттегі  жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде  қала әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңі салтанатты түрде ашылды.

Спорттық шараның ресми ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан,  қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру  және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ, қатысушы командалар және олардың жанкүйер фан-клубтары қатысты.

Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы жобаның маңыздылығына тоқталып, жас сп

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.

Мұнан соң, іс-шарада жарыстың алғашқы ойыны өтті. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, қыздар арасында волейбол спорт түрінен А.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясы және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясының командасы арасында тартысты ойын болды. Турнирде 2:0 есебімен №64 мектептің құрамасы басым түсті.

Айта кетейік, әр ауданға қарасты мектептер төрт топқа бөлініп, қазан-мамыр айларында өзара сайысып,топ жеңімпаздары анықталады. Аудандардағы ойындардан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан 16 мектептің командалары сәуір айында 1/8 финалда ойындарды жалғастырады. Жарыс жеңімпаздары мамыр айында анықталып, марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР