2022-05-28 00:22:18
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: интернет сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда

Шымкент: интернет сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда 1
Үшінші мегаполисте интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыс қарқын алған. Оның ішінде мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары да бар.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2020 жылдан бастап Шымкентті сапалы интернетпен қамту жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Былтыр қаладағы шалғай аудандар мен тұрғын алаптарда 11 базалық станция орнатылды.
– Ал биыл қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңінде 11 орын мобильді байланыс операторларымен келісілді. Олар: А2 тасжолы, әуежай маңы, Солтүстік-батыс, Қайнарбұлақ саяжай алабы, Тассай, Құрсай, Р32 тасжолы, Ынтымақ, Абдулабад, Забадам, 226-орам, Асар, Самал-3 және Достық шағынаудандары. Қазір 3 нүктеде антенна-матчалық құрылғы орнатылып, электр көзіне жалғау жұмыстары басталды. Тағы 4 орында жеке инвестор жер қазып, бетон құю жұмыстарын жүргізуде, – деді Әсет Маратұлы.
Бұған қоса қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тартылуда. Мамандар егер тұрғындар үйінің жанында базалық станция болғанның өзінде мобильді интернет сапасы нашар болған жағдайда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қалалық өңіраралық байланыс инспекциясына шағымдануға болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР