2021-10-26 14:54:52
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиадасы

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиадасы 1

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар Шымкентте бас қосты. Олар республикалық спартакиада аясында өзара мықтыны анықтап жатыр. Бас-аяғы 300-ден аса қатысушы 5 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың алғашқы күні дойбы және шахмат бәсекелері басталды. Дойбы 7 турдан тұрады. Оған 17 өңірден 80-нен аса спортшы қатысады. Ал шахматта 16 өңірден келген спортшылар бақ сынайды. Жарыста көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар үшін бөлек топ құрылған.

Сонымен қатар тоғызқұмалақтан 15 өңірдің өкілі сынға түседі. Ал спорттық мерекенің сәніне айналған арбада отырып билеу сайысы комби еркін, комби еуропалық, комби латина, комби фристайл, дуо латина, дуо фристайл және сингл фристайл сынды 10 номинация бойынша ұйымдастырылады. Оған 50-ден астам спортшы қатысады. Бұған қоса, бүгін паракаратэден іріктеу сындары өтеді. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың республикалық спартакиадасы осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылып тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР