2021-10-17 06:12:07
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«FWA» — сапалы интернет кепілі

"FWA" - сапалы интернет кепілі 1

Шымкент қаласында 200 мың жеке сектордың 51 мыңы «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернет қызметіне қосылған. Сондай-ақ, 1985 көпқабатты үйдің 1690-ы оптикалық желіге қосылып, бұл көрсеткіш 86 %-ды құрады. Қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғындарды интернетпен қамту бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын желілерді дамытуға және құрылыс жұмыстарына ауқымды инвестиция салуда. 2021 жылы қалада Шымсити, Көкжайлау, Тұлпар, Жас отау, New City шағынаудандарда, барлығы 3648 портты қосатын желі құрылысын жүргізу жоспарлануда (512 млн. тенге).

Компания жеке сектордағы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін 2 жобаны іске асырып отыр. Атап айтқанда, FWA технологиясы бойыншы Шымкент қаласында 14 базалық станция орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар сатып алынып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1 базалық станция пилоттық режимде жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 4800 абонент қамтылады. Бірінші кезеңде Самал-3 және Ақниет шағынаудандарын қамту басты назарда. Инвестиция құны – 186 млн теңге.

Сонымен қатар, Wi-Fi технологиясы бойынша «SNP Telecom» ЖШС Самал-1, Самал-2, Самал-3, Бозарық, Асар, Нұртас, Құрсай, Тассай, Тұран, Таскен, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Пахтакор-1, Пахтакор-2 шағынаудандарында жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қайнар» іскерлік орталығында радиусы 10 шақырым болатын базалық станцияларды орнатты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР