2022-07-06 00:49:27
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ЕРІ – ЕЛІМЕН, ЕЛІ – ЕРІМЕН МАҚТАНСЫН!

Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті.

Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын тілімізге тиек еткелі отырмыз.

Бүкіл адамзаттың ұстазы, атақты ойшыл Аристотель: «Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал, қайырымдылық пен адамгершілік – егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, оның болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады», – деген екен. Қазағымызда да пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді.

Байкен Әшірбайұлының «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында қыс айында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратқаны есімізде. Ол аздай, Рамазан айында жеке өз қаражатын ел игілігіне жұмсап, 550 отбасыға азық-түлік себеттері таратылған болатын. Халық қалаулысының қабылдауына тұрмыстық мәселелермен келген отбасылардың да көңілін қалдырмай, 100-ге жуығына азық-түлік пен қаржылай көмегін көрсетті.

Қайрымды істер марафоны аясында 100-ден аса отбасыға 1 тоннадан асып жығылатын мал етін үлестіріп, елге қайыр жасады. Бұдан өзге игі істері шаш етектен.

«Қайырымдылық керуені» жобасына белсене араласқан Байкен Әшірбайұлының қоғам үшін жасап жатқан ауқымды қызметі ескеріліп, Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясын жеңіп алған болатын.

Байкен Әшірбайұлын жерлестеріміз қиналғанға қолұшын созатын, тарыққанға дем беретін қайырымды азамат ретінде жақсы біледі. Ел тілеуі – ер тілеуі. Байкендей бауырларымыз елде көп болса, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман ертерек келетіні күмәнсіз…

©️ Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР