2021-10-17 05:24:19
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — Шымкентте

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы - Шымкентте 1

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады.

Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылады. Ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы қарастырылған. «Мәңгілік Ел», «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру негізгі ұстанымға айналған.

Орталық ғимараты 2 қабаттан тұрады. Онда «Ұлттық салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан. Жалпы ауданы – 940 шаршы метрді құрайды. Ғылыми-зерттеу және әдістемелік, қорларды ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету, ғылыми ағартушылықты қамтамасыз ету және шаруашылық бөлімдері бар.

Ұлттық дәстүрлі қайта жандандыру мақсатында «Елдіктің бір белгісі-Ерулік», «Ұлттық киімдер» секілді түрлі жобалар ұсынылып, «Дәстүрім-асыл қазынам» атты кітап жарық көрген. Пандемия тұсында да елдігімізді ұлықтар, дәстүрімізді дәріптейтін онлайн жиындар өткізіп отырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР