2024-04-26 09:26:00
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Екпе ал — өміріңді сақта!

Екпе ал - өміріңді сақта!
Шымкент қаласында 8 тамызда КВИ-дің 565 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 479, белгілері жоқ – 86). Екі жүз алпыс тоғыз  адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 296 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек-орын толымдығы 77%-ды құрайды, 799 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 2781 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – төрт жүз тоқсан  сегіз  төсек орын бар, үш жүз сексен бір  науқас ем қабылдауда.
Соңғы тәулікте қалада 2708 адам вакцина алды (I компонент-890, II компонент-1818). Егу науқаны басталғалы барлығы 384 040 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 304 289 адам вакцинаның екі компонентін де алған.
Құрметті қала тұрғындары, вакцина салдырып, өміріңізді сақтаңыз. Үнемі бетперде тағыңыз, бетперде індетті жұқтыруға тосқауыл болады! Карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР