2022-05-24 00:09:47
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

«Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде 1

Шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау аудан аумағындағы «Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстың барысын аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалауда.

Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.

Еске сала кетейік, «Асар» шағынауданындағы 23, 26, 27, 29 үй ауласын абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Азат Строй Сервис» ЖШС жүргізуде.

Сонымен қатар Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға таяды. Биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен қатар, электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды.
Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ, бүгінде «Атырау Group» ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселінуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР