2024-04-27 09:46:37
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл – Фараби ауданында биыл 29 спорт алаңшасы салынады

Әл – Фараби ауданында биыл 29 спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады.

Еске сала кетсек, жалпы Шымкент қаласының бес жылдық даму жоспарында адами капиталды арттыру міндеті белгіленген. Бұқаралық спортты дамыту арқылы тұрғындарды салауатты өмірге бейімдеу, олардың өмір жасын ұзарту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спорт саңлақтарын тәрбиелеу міндеттері айқындалған. Мегаполистің заманауи спорттық орталық ретінде дамуы қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР