2022-05-24 00:01:22
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді

"Тәуелсіздікке - 20 жыл" тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді 1

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 23,7 шақырым құрайды. Нысанды бас мердігер «Алтын Констракшн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың төртінші тоқсанында аяқтап, пайдалануға бермек.

Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді. Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрап отыр. Ал шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Жалпы, биыл Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстарында басымдық шалғай орналасқан шағын аудандарға беріліп отыр. Яғни, осы жылы шалғай елді мекендердегі 100 шақырым жол жөндеуден өтеді. Сондай-ақ бұл жылы 168 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Он сегіз нысанда қайта жаңарту, 4 – күрделі жөндеу, 8 – оң жақ өткел салу, 138 – орташа жөндеу, 7 – магистралды көше, 69 – ішкі орам көше және 62 – шалғай аудандардағы көше жөнделеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР