2022-05-23 23:39:50
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалауға шықты

Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалауға шықты 1

Бүгін «Жасыл ел» Жастар еңбек жасақтарымен бірге « » жастары Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов көшесі және Республика даңғылы аралығында тазалық жұмыстарын жүргізді.  Жастар халыққа үлгі боларлық іспен айналысып, қоғамды қоқыстан тазарта отырып, қаламызды таза ұстауға шақырды.

– Денсаулықтан асқан байлық жоқ, ал халықтың саулығы қоршаған ортаны таза ұстаумен тікелей байланысты екенін ұмытпайық. Мұндай игі істер әр адамның бойынан көрініс табуы тиіс. Қаламыздың тазалығына бірге үлес қосайық! Қаланы таза ұстау әр адамның қаперінде болуы керек, – дейді жастар.

«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» құрамындағы 600-дей жас қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартады, тазалық жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Қолдарына қап алып бірден іске кіріскен жастар айналаны қоқыстан тазартты.  «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» 2 ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында олар қаланың тазалығын сақтауға жұмылдырылады.

Жастар қалаға қарасты аудандарда болып, тазалық жұмыстарын атқаруда. Жасақтарға жұмылдырылған 16-29 жас аралығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен белсенді жастарға мен еріктілерге 42500 теңгеден жалақы төленеді. Ал еңбекте белсенділік танытқан қыз-жігіттерге екі айлық жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР