2022-05-28 00:38:02
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

153 шақырымға шағалтас төселді

153 шақырымға шағалтас төселді 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі қалалардың шетінде орналасқан елді мекендерді дамытуға баса назар аудару жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай Шымкентте биылдан бастап ішкі орам жолдары мен шалғай елді мекендердің көшелеріне басымдық беріліп отыр.

– Бүгінгі таңда атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – шағалтас төсеу. Қазір жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын көшелерге шағалтас төселуде. Оның басым көпшілігі Қаратау ауданының еншісінде. Себебі, осы ауданда жаңадан қалыптасып келе жатқан елді мекендер мен шағын аудандар көп. Алайда мұның өзі аздық етіп отыр. Тұрғындардан «көшемізге тас төсеп берсеңіздер» деген өтініштер көптеп түсуде. Осыған орай біз құжаттарын әзірлеп, қосымша қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдадық. Биыл топырақ жолдардың мәселесі біршама шешімін таппақ, деп атап өтті Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов.

Жуырда Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қала әкімі Мұрат Әйтеновке алты айда атқарған жұмыстарына есеп берді. Есепте шаһар басшысы жер қазу жұмыстарын атқарған мердігер ұйымдар, өздері бұзған жолдарды қалпына келтіруі тиіс деген талапты құжат жүзінде бекітуді тапсырды. Жол жабындыларының нормативтерге сай нығыздалуын қадағалауды жүктеп, қажет болған жағдайда жолдың нығыздылық деңгейіне зертханалық әдіспен бақылау ұйымдастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР