2024-07-14 18:41:39
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында белгілі болды.

Конференцияны облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жүргізіп, биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

«Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер. Сіздердің қызметтеріңіз Түркістан облысының дамуы мен өркендеуіне зор ықпал етеді деген ойдамын!», – деді ол.

Конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Олар: Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту; Пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру; Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту; «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX Съезіне делегаттарды сайлау.

Сайлау туралы жаңа заңға және партияның праймериз қортындысына сәйкес, алдағы сайлаудан кейін Түркістан облыстық мәслихаты кемінде 80 пайызға өзгеріске ұшырайды деген болжам бар.

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7 шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. Жиында облыстық мәслихат депутаттығына партиясы атынан ұсынылған үміткерлер тізімін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. «Nur Otan» партиясы 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді.

Бұған дейін облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың небәрі 1-еуі ғана әйел депутатқа тиесілі болса, енді әйелдердің саны 30 пайызға дейін артады. Ал қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ. Оған қоса алдыңғы шақырылымдағы 45 депутаттың 24-і бұл саяси додадан қалыс қалып отыр. Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймеримз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады. Яғни, облыстық мәслихат кемінде 70 пайызға жаңарады.

Жиында «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы делегаттардың қолдауымен бекітілді. Туристік және рухани орталық, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсібі дамыған жоғары транзиттік аймақ болғандықтан «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жоғарыда аталған салаларға ерекше мән берілді. Тарихи қалада қызметтік сервис сапасын арттыру, туризм нысандарын дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

Бағдарлама ашық көздерде жарияланып, праймериз кезінде бір жарым ай кең көлемде талқыланды. Осы уақытта аймақ тұрғындарынан 564 аманат пен ұсыныс түсті. Оның ішінде 99,6%-ы (562) сайлауалды бағдарлама жобасына қатысты ұсыныстар. Олардың 77%-ы (430) партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламалары жобаларында қарастырылған. 8% (46) ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арқылы жедел шешілді. Қалған 15% (86) ұсыныстар партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобаларына 7 бағыт бойынша қосымша енгізілді.

Конференцияда сайлау алдындағы штаб басшысы мен екі орынбасарының кандидатурасы ұсынылды. Штаб басшысы болып Б.Тәжібаев сайланды. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX съезіне қатысатын 30 делегат та сайланып, тізімі бекітілді.

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР