2024-07-14 18:33:31
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді 

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді 
© Официальный сайт Президента РК

Премьер-министр Асқар Мамин келесі жылдың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері келесі жылдың басында мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін кеңейтілген отырыста қаралатынын атап өткім келеді», — деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын одан әрі тиімді іске асыру үшін жаңа шаралар қажет деп санайды. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан кепілдікті ұлғайту қажет.

Осыған байланысты ол ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, бір ай ішінде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші пакетін әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Мамин бағдарламаның мақұлданған жобаларының уақтылы іске қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Айтуынша, Қызылорда және Атырау облыстарында мақұлданған жобаларға әлі күнге дейін субсидия берілмеген, сонымен қатар, бұл облыстарда жобалардың сомасы мен саны бойынша да өсім ең төмен екені байқалады.

Бұдан бөлек, ол әкімдіктерге экономика салаларындағы жергілікті қамту үлесінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізіп қана қоймай, олардың белсенді өсуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетсек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жалпы қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Пандемияға қарамастан жобалардың саны 900-ден 2600-ге дейін жетіп, 2,5 есеге өскен. Жобаларды іске асыру нәтижесінде жұмыс орындарының саны 20 мың болады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР