2021-10-17 17:47:13
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Арыс маңындағы қыстаудан жоғалып кеткен балалар табылды

Арыс маңындағы қыстаудан жоғалып кеткен балалар табылды 1

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының маңындағы ауылдардың бірінің қыстауынан жоғалып кеткен ағайынды балалар табылды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағана, 5 және 8 жастағы балаларының үйлерінің жанында ойнап жүріп жоғалып кеткені туралы хабарды Арыс аудандық полициясына балалардың анасы жеткізген. Жайсыз хабар бірден тіркеуге алынып, балаларды іздеуге Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасынан тәжірибелі полицейлер шыққан.

Балалардың айрықша белгілері туралы жан-жаққа арнайы ақпарат таратылып, іздеу жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де жұмылдырылған. Олар балалар жоғалған аймақтың әр түкпірі мен шұңқырына дейін тінтіп шықты. Қажетті деген шаралардың барлығын атқарды. Балалар бір тәуліктен соң үйден 10 шақырымдай қашықтықтағы шұңқырдан табылды.

Қарындары ашып, суыққа тоңып қалғаны болмаса, зардап шекпеген. Үйлерінен шығып, адасып кеткен балаларды Арыс аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары ата-анасына аман-есен табыстады. Балалардың ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР