Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 тамыз күні Шымкент қаласында «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Әлем балалар көзімен» атты психоневрологиялық ауруға шалдыққан және тірек қимылында ақауы бар балаларға қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты- Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауына, еңбекке баулуға және тиімді уақыт өткізуіне жағдайлар жасау.
Шарада арнайы мамандардың кеңестері тыңдалып, қызықты ойындар ойнады. Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, тәттілер таратылды.