2024-04-20 21:28:28
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Терминологиялық лексиканы оқытудың интеграциялық әдісі

Терминологиялық лексиканы оқытудың интеграциялық әдісі

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет, бүгінде ол өзінің мәдени және тілдік дамуының күрделі, қайшылықты кезеңін бастан өткеруде, оған Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасында сипаттары берілген тілдік ахуал дәлел.

Сонымен қатар, еліміздің «Қазақстан 2030» даму стратегиясындағы үштілділік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ағылшын тілінің өмірдің барлық саласына, соның ішінде ғылымға енуін ынталандыруда. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қазіргі қазақстандық терминдер корпусына ағылшын тіліндегі терминологиялық бірліктердің белсенді түрде енуі байқалады.

Арнайы мақсаттағы тіл (LSP) – тілдің функционалдық түрі, оның мақсаты белгілі бір пәндік-кәсіби қызметте нақты және тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету болып табылады. Ағылшын тілінің терминологиялық жүйесінде барлық арнайы лексика терминдер register, professional talk official technical terminology, plain English, professional slang, сияқты кәсібилік ұғыммен сәйкес келетін терминдермен белгіленеді.
Бұл мәселенің маңыздылығын, соңғы заманауи зерттеулер аясында дәлелдеген екінші тілдегі техникалық лексика (L2) университеттегі оқудың алғашқы жылдарындағы студенттердің жетістіктеріне кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын, назардан тыс қалдыруға болмайды.

Көптеген еуропа елдерінде, мысалы, иммерсиондық бағдарламалар негізінен академиялық мәтіндер мен сөйлеуді қайталап талдау негізінде жоғары білім алғанға дейін мамандандырылған салалардағы мектеп оқушыларының лексикалық қамтылуын жақсарту арқылы мәселені жеңілдетуге көмектесті. Дегенмен, бұл бағдарламалардағы тілге деген көзқарас негізінен жасырын, өйткені терминдер оқу жоспарында пайда болу ретімен ғана оқытылады.

Регистр туралы айтқанда, әдетте тілдің әртүрлі ситуациялық контексттегі функционалдық алуан түрлілігін айтамыз. Терминнің өзі жүйелік-функционалдық лингвистика аясында біршама өзгерістерге ұшырады. Өзінің бастапқы мағынасында регистр контексттің берілген түріне тән типтік лексикалық және грамматикалық бірліктерден тұратын мәтіндік үлгі.

Бастауыш терминологияны меңгеру стратегияларын мектепте оқыту жалпы тіл және арнайы дискурс құзыреттілігі тұрғысынан L2 тілін үйренуге оң әсер етуі мүмкін. Күтілетін артықшылықтар студенттерге L2 арқылы академиялық пәндер бойынша оқытылатын мазмұн мен кіріктірілген тілді оқыту (CLIL) үлгілеріне негізделген қос тілді бағдарламаларда айқынырақ болуымен анықталады.

Мадина Анафинова,
профессор м.а., ф.ғ.к.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР