2024-04-27 06:11:51
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоғамдық орта неге қыр көрсетті?

Қоғамдық орта неге қыр көрсетті?

Жоғарыда аталған басты тілдік орта мемтілге қатысты «менсінбеу» саясатын қолға алғасын, қазақтілді қауым не істеді? Белсенді азаматтар арқылы орыстілді адамдарға, түрлі қызметшілерге тиісе бастады. Оны қазақы қауым батырлық пен іскерлік әрі отаншылдық санады!?

Бұл бір жағынан – қылмыс, біреудің құқығына, абыройына қол сұғу, басбұзарлық дейік. Ал мемлекеттік тілдің құзыры мен қазақтілді адамдардың құқығына қол сұғып отырған мемлекеттің рөлі қайда? Бұл қылмыстың артында тіл саясатын жеткілікті жүргізбей отырған тиісті органдар неге аталмайды? Кеше ғана елден кетірілген Қуат Ахметовтың жазығы не? Жазығы тіл саясатын желеу етіп, адамдарға тиіскендігінде, дәлірегі – басбұзарлық жасағанында. Ал ондай отаншыл жастарға басқаша қалай қимылдау қалып еді? Әрине, басқаша заң жүзінде ішкі саясат құрылымдарымен бірігіп, қайшылықсыз, даурықпасыз, популизмсіз, заңды қоғамдық жобаларды атқаруға болар еді! Ол неге атқармады? Себебі, Ішкі саясат құрылымдары ондай жобаларды атқаруға жағдай жасамайды және қолдамайды! Неліктен Қуаттардың отаншыл әлеуетін ішкі саясатты алға бастыруға қолданудан сәйкес құрылымдар қашады?! Олардың сауаты мен әрекетін неліктен заңға сәйкестендірумен, оқытумен, тәрбиелеумен, көзін ашумен айналыспайды?! Бар мәселе осында.

Демек, Қуаттардың осындай басбұзарлыққа баруы – тіл  саясатын жүргізуде және елдің ішкі саясатын үйлестіруде тиісті органдардың өз қызметтерін жеткіліксіз атқаруынан туындап отыр деген сөз.  Ал монотілді орталарға мемлекеттің толерант саясатын алға бастыру, сіңіру, насихаттау шаралары қайда қалды? Ол мемлекеттік тілді тежеу арқылы ғана «іске асырылып» жатыр ма, сонда?!

Ішкі саясат арқылы жыл сайын миллиардттаған қаржы жұмсалатын болса, соның кемінде 20 пайызы тіл  саясатын дамытуға жұмсалуы керек! Неге? Себебі, көптілді, көпжұртты Қазақстан үшін ішкі саясаттың мәйегі – тіл  саясатының негізінде жатыр. Ал біз соны көрер көзге көрмегендей болып отырмыз! Тіпті, барлық өңірлердегі Ішкі саясат құрылымдарының басты жұмыс көрсеткіші тілге қатысты болуы керек. Өйткені, ішкі саясатты түлететінде, бүлдіретін де сол – тіл саясаты.

Бүгінде елімізде соңғы 30 жылдың демографиялық жарқын жемістері бар, ол –отаншыл қазақтан басқа қазақтілді қазақ емес этнос өкілдерінің, әсіресе жастардың қаптап өсіп шығуы. Бірақ сол үлкен әлеуетті қаншалықты пайдаланып отырмыз? Оларды кіші мемқызметке неліктен тартпасқа? Неліктен Президенттің кадр резервінде осы жайт қаралмайды? Неліктен біз Қазақстан халқының 30 жыл бойғы қалыптасқан жаңа әлеуетін мойындамай отырмыз? Бұған не кедергі?

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР