2022-11-30 08:51:58
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

№12 спорт мектебінің қосымша корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінде болып, қосымша корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Нысан 2 ауысымда жұмыс атқарады. 1 ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сыятын түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ.

Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған.

Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары қарастырылған.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарлануда. Сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырған шаһар басшысы, “құрылыс сапасына да баса мән беруіміз керек”,-деді.

Сонымен қатар Еңбекші ауданына қарасты Сайрамдағы Ю. Сайрями көшесі бойындағы №10 колледжінің жаңа оқу корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы барысын тексеріп, сапаға мән берді.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімнен кешеуілдеуіне байланысты жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған. Қазіргі таңда ескертілген кемшіліктер ретке келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Осы күнге дейін құрылыстың 85%-ы атқарылды.

Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.

Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Жоспарға сәйкес жаңа корпус жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР