2023-02-05 10:59:22
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

№10 КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА КОРПУСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еңбекші ауданына қарасты Сайрамдағы Ю. Сайрями көш бойындағы №10 колледжінің жаңа оқу корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы барысын тексеріп, сапаға мән берді.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімнен кешеуілдеуіне байланысты жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған. Қазіргі таңда ескертілген кемшіліктер ретке келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Осы күнге дейін құрылыстың 85%-ы атқарылды.

Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.

Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Жоспарға сәйкес жаңа корпус жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек Шымкент қаласының “Сайрам” ықшамауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов нысанның жұмыс сапасын тексеріп, тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.

Құрылысы биыл, наурыз айында басталған жаңа оқу корпусы 600 оқушыға шақталған, қосымша екі блоктан тұрады.

Футбол алаңшасы мен жүгіру жолы қарастырылып, инженерлік жүйемен толықтай қамтылатын болады.

Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

«Нысандардың сапасы маңызды. Бұл нысанда балалар білім алады, оқиды. Балалар үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз”,-деді әкім ғимаратты аралау барысында.

Сонымен қатар Шым шаһар басшысы Мұрат  Әйтенов Қайтпас-1 ықшам ауданындағы №72 орта мектептің қосымша оқу ғимарат құрылысын тексерді.

375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР