2024-04-18 22:04:03
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда микрокредит беру ережелері өзгерді

Қазақстанда микрокредит беру ережелері өзгерді

Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) жұмысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Түзетулер клиентпен жасалған шарттың мазмұнын, ресімделуін және қойылатын жаңа талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысандарын қамтиды.

«Осылайша, МҚҰ мен клиент арасында сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленеді. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгінуге құқылы. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша нысанда қабылданған шешім туралы хабарлайды», — деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінде.

Бұл ретте қарыз алушыдан өтініш болмаған және/немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы.

«Құжат микрокредит беру туралы шартты ресімдеуді және оның мазмұнын оңтайландыруды көздейді. Атап айтқанда, нарыққа қатысушылар микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтер қосу мүмкіндігі туралы ұсыныстар енгізді. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде қарыз алушының міндеттемесі болғандықтан төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуге тиіс», — деп толықтырды агенттікте.

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

«Түзету микрокредит шарттары талаптарының, клиенттердің қабылдауы үшін олардың шарттарының ашықтығы мен қолжетімділігіне кепілдік береді, сондай-ақ  микрокредит беру шарты бұзылған және /немесе сотта оны даулаған жағдайда қарыз алушының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, өзгерістер мен толықтырулар микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, микроқаржы ұйымдарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру, олардың жосықсыз әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында әзірленді», — деді агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР