2024-07-14 19:11:58
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мақтааралдықтар «Birgemiz» Қоры салып берген жаңа үйлеріне қоныстанды

Мақтааралдықтар «Birgemiz» Қоры салып берген жаңа үйлеріне қоныстанды

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін үлкен тарихи оқиға болды. Түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі – киелі көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін алып құрылыс алаңына айналды. Қысқа мерзім ішінде адам танымастай болып өзгерді.

Таяуда ғана қаладағы жаңа нысандарды аралаған кезінде Елбасы айтқандай, «Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр». Сондай-ақ, ол тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын да атап көрсетті. Бұл тапсырма партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.

Түркістан облысына сапар барысында жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірге «Nur Otan» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды бағдарламаларының жобаларын талқыладым.

Облыс тұрғындарынан 560-тан астам ұсыныс түсті, оның ішінде ауыл шаруашылығын, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу және абаттандыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелері бар. Барлық өтініш зерделеніп, бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріледі.

Сонымен бірге биылғы мамырда су басудан зардап шеккен Мақтаарал ауданында да болдым.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына 20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді. Партия филиалының басшысы, облыс әкімі Ө. Шөкеевпен бірге Мырзакент кентіндегі жаңа қоныстанушыларды баспаналарымен құттықтадық. Сондай-ақ, қор қаржыландыруымен Фирдоуси ауылының тұрғындары үшін салынып жатқан тағы 12 үйдің құрылысы қараша айының басында аяқталады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуін қолдап, мақтааралдықтарға 1000 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен құрылыс материалдарын жіберген барша партия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Жігерлі жастарымыз бен белсенді волонтерларымызға ерекше рақмет! Су басқан өңірде 500 жасотандық бөгеттер көтеруге, азық-түлік жеткізуге көмектесті.

Қиын-қыстау кезеңде бір біріне қол ұшын беріп, қолдау көрсету – биік азаматтық пен жауапкершіліктің, қоғам кемелдігінің үлгісі!», — деп жазды Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР