2024-04-26 06:14:23
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шаһар басшысы шетелдік инвесторды қабылдады

Шаһар басшысы шетелдік инвесторды қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор “Milat Hali” компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сөз болып, үшінші мегополис мүмкіндіктері жан-жақты айтылды.

Кездесу барысында аталған компания құрылтайшылары одан әрі ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Инвестициялардың жоспарланған сомасы шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқандв жаңадан 300 жұмыс орны ашылмақ.

“Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”,-деді әкім.

Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.

Айтып өтейік, Шымкентте келесі жылдан бастап жылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.

Шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артанын жеткізді.

Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 7 жаңа жобаның таныстырылымы өтті.

Түркиялық «Stars Cosmetics»ЖШС басшысы Абдулхаким Мухаммадмуса «Оңтүстік» индустриалды аймақтан сұйық сабын өндірісін ашуды көздейді. 1,5 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 3 мың тонна өнім болмақ. 2023 жылы жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 30 адам жұмыспен қамтылады.

Түркиялық «Milat Hali» ЖШС басшысы Искандер Каплан «Оңтүстік» индустриалды аймағынан 2,5 га жерге кілем өндіретін зауыт құрылысын салуды ұсынды. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл жоба жылына 5 млн кв/м кілем өндіруді көздейді. Аталған жоба арқылы жұмыссыз жүрген 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыс табатын болады.

«Элмехмонтаж» ЖШС басшысы Қанатбеков Ержан құрылысқа арналған газоблоктар шығаратын зауыттың жобасын ұсынды. Жылына 60 мың м3 блок шығаратын қуатты өндіріс ошағын «Жұлдыз » индустриалды аймағынан салуды жоспарлауда. Жобаның құны 500 млн теңге болмақ. Нысан құрылысы 2023 жылы салынып, сәтті жүзеге асса 20 азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР