2024-04-26 11:26:33
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша заң жобасына қандай түзетулер енеді

Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша заң жобасына қандай түзетулер енеді

ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруда қандай шаралар жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергілікті қамтуды қолдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

«Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында мынадай шаралар қабылданды.

Біріншіден, ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу бойынша Үкіметтің 2 қаулысы қабылданды. Алғашқысы – авто, трансформаторлар және кабельдер, екіншісі – жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жиһаз және цемент.

Екіншіден, көрсетілген аталымдар алдын ала біліктілік іріктеу (АБІ) арқылы конкурс тәсілімен ғана сатып алынатын тауарлар тізбесіне енгізілді. Алдын ала біліктілік іріктеуінен өтудің негізгі критерийі – индустриялық сертификаттың болуы», — деді Б. Шолпанқұлов Үкімет отырысында.

Үшіншіден, Мемлекеттік сатып алу туралы заңда тапсырыс берушілердің техникалық ерекшеліктерде ұлттық стандарттарды көрсету міндеті белгіленді.

Төртіншіден, отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізілген құрылыс материалдарын пайдалануды көздейтін құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттар бекітілді.

«Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту барысында Парламенттегі мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасында мынадай түзетулер анықталуда:

Біріншіден, мемлекеттік сатып алуларда тауарларды кепілді сатып алуды (оффтейк-келісімшарттар) пайдалану.

Екіншіден, ұлттық стандарттарға, Индустриялық сертификаттарға және СТ-КЗ сертификаттарына байланыстыру арқылы, реттелетін сатып алудың барлық түрлері үшін бірыңғай кодификацияны пайдаланып, тауарлардың электрондық каталогын енгізу.

Үшіншіден, мемлекеттік сатып алуларды толық орталықтандыруға көшу, бұл жергілікті қамтуды арттыру мәселелерін орталықтан реттеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте аталған шаралардың ішінен отандық өндірушілерді қолдаудың ең тиімді механизмі ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу екенін атап өткен жөн. Сондықтан бейінді министрліктерге осы құралды неғұрлым белсенді пайдалану ұсынылады», — деді Берік Шолпанқұлов.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР