2023-04-01 04:05:12
14.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Садриддин Ахмедов келесі айқасын жыл соңына дейін өткізеді

inform.kz

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBC Youth әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі айқасын жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы боксшы Instagram-да жазып, жаттығу кезіндегі видеомен бөлісті.
«Желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, жаттығу қарқынды әрі сәтті өтуде», – деді ол.
Садриддиннің соңғы жекпе-жегі былтыр 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өткен болатын. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген еді. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жұмысын канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР