2022-07-02 01:15:16
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: апатты мектеп жаңарып, ел игілігіне берілді

Бүгін білім күні үшінші мегаполистегі мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. «Низамхан» жекеменшік мектебінің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов дәстүрлі форматта басталған жаңа оқу жылында мұғалімдер мен оқушыларды құттықтады.
– Жас достар, сіздерге жаз бойы тынығып, жан-жақты қабілеттеріңді шыңдап, түрлі достар тауып, тіл табысуға мол мүмкіндіктер берілді. Бүгінгі таңда ел тізгінін ұстайтын, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, өркениет көшінен лайықты орын алар, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосушы жастарға мол сенім артылуда. Бүгін қолдарыңызға алған Әліппе — білім әлемінің кілті. Осы Әліппені үздік оқып, еліміздің тұтқасын ұстар мықты азамат болуларыңызға тілектеспіз. Өздеріңдей өрелі ұланы барда еліміздің мәртебесі биік, айбыны асқақ болары анық. Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін!, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Жаңа мектеп қаладағы Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан 1934 жылы ыңғайластырылып салынған бұрынғы апатты №79 мектеп ғимаратының орнына салынды. Білім ұясы бір ауысымда 1000 бала қабылдауға арналған. Мектеп жаңа талапқа сай жабдықталған. Онда 74 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер, интерактивті тақталар, кітапхана, асхана, акт, спорт залдары, спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалармен қамтылған.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары және мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Шымшаһарда жаңа оқу жылында 3 білім ұясы пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР