2022-05-24 00:17:02
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ғылымға жол салған Елбасы кітапхана – кабинеті

Ғылымға жол салған Елбасы кітапхана – кабинеті 1

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық кабинет  жұмыс істейді. Кітапхана-кабинет жоғары білікті мамандарды ІТ технологияларды пайдалана отырып дайындау, жастарды қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ашылған. Жоғары технологияның ең соңғы үлгісі бойынша жабдықталған кабинет Polycom видеоконференц-байланыс аппаратурасы, 16 делегатқа арналған дискуссиялық жүйе, соңғы үлгідегі 4 СМАРТ теледидарымен қамтамасыз етілген. Мұнда үздік студенттер және оқытушы-профессор құрамы ғылыми жобамен айналысады.

Кабинетке Елбасының кітаптары мен оның Қазақстан Республикасында және шетелде басылған авторлық еңбектері, авторлардан Тұңғыш Президентке сыйға тартылған кітаптар мен Елбасы туралы жазылған 200-ден аса кітап қойлыған. Сонымен бірге кабинетте смарт теледидарлар мен компьютерлерде Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағынан кемелденген кезеңіне дейінгі фотосуреттері слайдпен көрсетіледі.

Айта кетейік, мұндай тарихи, ғылым мен білімге жол сілтейтін кабинет Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасынан кейін ЖОО арасында  Шымкентте ғана бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР