Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте атыс болды.
Қазірге белгілісі:
- Таңертең 19 жастағы студент 28 сәуірде пайдалануға рұқсат алған қаруымен мектеп-гимназияға келіп, оқ жаудырған. Ол бұл әрекетке бір өзі барған.
- Қанды оқиға салдарынан мектептің 7 оқушысы мен мұғалімі құрбан болды. Сонымен қатар 16 бала мен мектептің қызметкерлері жарақат алғаны белгілі болып отыр.
- Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде бірнеше бала мектептің терезесінен секіріп аман қалуға тырысқан. РИА жаңалық қызметі осы кезде екі баланың жан тәсілім еткенін хабарлады.
- В.Путин оқиға қатысты көңіл айтып, Қазан қаласына Денсаулық сақтау және білім министрі мен ТЖМ бортын жөнелтті.
- Қазір Ресей гвардиясының басшысына қарудың азаматтық айналымы туралы жаңа ереже әзірлеуді тапсырылды.
- Мектептегі атысқа байланысты 12 мамырд – Татарстанда азалы күн деп жарияланды.
Бұған дейін Қазанда мектептегі атыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жеткенін, хабарланған болатын.