2024-04-19 12:21:53
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркияда карантин күшейтілді

Түркияда карантин күшейтілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде коронавирус жұқтыру дерегі көбейгеніне байланысты қасиетті Рамазан айының алғашқы екі аптасында шектеу шаралары күшейтілгенін айтты, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейгеніне байланысты Түркия үкіметі шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. Рамазанның алғашқы екі аптасында қалааралық байланысқа тыйым салынады, 20 жастан кіші және 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуға шектеулер қайта енгізілді, коменданттық сағат ұзартылды. Ол қазір 19.00-ден (бұрын 21.00-ден) 5.00-ге дейін, демалыс күндері коменданттық сағат жұмада 19.00-ден басталып, дүйсенбіде 5.00-ге дейін сақталады. Мейрамханалар тек жеткізу режимінде жұмыс істейді», — деді Ердоған телебағдарламада.

Ердоған наурыздың соңында Түркияның 58 провинциясында, оның ішінде Ыстамбұл, Анкара, Анталия, Муглада инфекция жұқтыру санының өсуіне байланысты демалыс күндері коменданттық сағат қайта енгізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында 13 сәуірден 12 мамырға дейін бүкіл елдегі кафелер мен мейрамханалар тек жеткізу және алып кету режимінде жұмыс істейді.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде елдегі коронавирус жұқтыру жағдайының күнделікті өсімі соңғы 10 күнде жеті рет рекорд жаңартқан. Ол 55 941 жағдай.

Қаңтарда Түркияда қытайлық Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac препаратымен коронавирусқа қарсы вакцинация басталған. Наурыздан бері елде Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылады. Бірінші кезеңде вакцинаны дәрігерлер, мұғалімдер және қарт адамдар алады. Вакцинациядан өткен тұрғындар саны 18 миллионнан асты, вакцинаның екі дозасын 7,5 миллионнан аса адам салдырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР