2024-04-20 12:28:14
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ресей елшілігінің автомобилі жарылды

Ресей елшілігінің автомобилі жарылды
Фото: REUTERS

Ауғанстан астанасында ресейлік дипломатиялық миссиясы автомобилі жарылды, онда қолдан жасалған жарылғыш құрал қойылғаны белгілі болды, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz сілтеме жасап.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қызметкерлер жеңіл контузия алған.

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова қазіргі уақытта елшілік персоналын қорғау үшін қолдан келгенше шара жүргізіліп жатыр.

Терроризм актісі ресейлік азаматтарға қатысты емес, ауған қауіпсіздік күштеріне бағытталған болуы мүмкін екені айтылады. Жергілікті әскерилер мінген пикап ресейлік дипломатиялық көлігінің алдында жүріп келе жатқан.

Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы мәліметінде Мәскеу оқиғаны мұқият тергеуді талап ететіні айтылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР