2024-04-23 12:24:21
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Путин 2024 жылғы сайлауға қатысады ма

Путин 2024 жылғы сайлауға қатысады ма

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы мемлекет басшысы лауазымына сайлауға түсуге әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді, -деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Sputnik.kz сілтеме жасап.

«2024 жылы өтетін сайлауға барамын ба, жоқ па дегенге келсек, өзім үшін әлі шешім қабылдаған жоқпын. Оған халықтан ресми рұқсат бар. Олай істеймін бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді», — деді Путин жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясында.
Еске сала кетейік, осы жылдың жазында Ресейде Конституцияға түзету енгізу үшін дауыс беру науқаны ұйымдастырылды. Түзетулердің бірі президенттің жаңа мерзімге қайта сайлану мүмкіндігіне қатысты болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР