2024-03-28 22:09:54
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды
Фото: Reuters ©

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Африкалық кеңес жанындағы Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығындағылар (CDC) мәлімдеді, -деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Біз Нигерияда анықтаған жағдай әзірше деректердің шектеулі көлеміне негізделіп отыр — оның 501 деген мутациясы бар. Бұл Ұлыбритания мен ОАР-дағыдай емес, басқа штамм сияқты. Бірақ бұл екі немесе үш генетикалық қорытындыға негізделгенін қайталап айтамын. Біз Нигерияда оны кеңінен зерттеуіміз керек», — деді Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Джон Нкенгасонг ұйымның Twitter желісінде жүргізген онлайн-брифингінде.

Бұл жағдайдың зерттелуімен танысқан Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі Осун штатында 3 тамызда және 9 қазанда жиналған екі науқасты зерттеу кезінде анықталған. Коронавирустың бұл түрі Ұлыбританияда анықталғандай тез таралатынына дәлел жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штамы анықталғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін ОАР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың генетиктер 501.V2 деп атаған жаңа түрін анықтағанын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР