2024-03-29 00:54:18
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды — Қырғызстан Қорғаныс министрлігі

МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды - Қырғызстан Қорғаныс министрлігі

Қырғызстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, — деп хабарлайды Citynews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Ош облысының Ноокат ауданында болды.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 10 адам болған.

«Құрбандар жоқ, алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетіледі», — деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнына Ноокат орталығының үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық БАҚ өкілдері өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, бүгінде қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайта шиеленісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР