2024-04-20 00:41:08
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Lonely Planet Қазақстанды саяхатшылар баруы тиіс жерлердің тізіміне енгізді

Lonely Planet Қазақстанды саяхатшылар баруы тиіс жерлердің тізіміне енгізді
Фото: 500px.com/katrin1290
Қазақстан елдегі тұрғын үй үлгісіндегі заманауи қонақ үйлердің арқасында туристерге арналған тізімде үздік деп танылды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аустралиялық Lonely Planet басылымы Қазақстанды саяхатшылар 2021 жылы баруы тиіс жерлердің тізіміне енгізді. Бұл тізімдегі елдер мынадай үш санатқа жіктеліп отыр: «тұрақтылық» (best in Sustainability), «қауымдастық» (Best in Community) және «әртүрлілік» (Best in Diversity).
Тізім авторларының айтуынша, бұл санаттарды енгізудегі мақсат болашақта туристер ең көп баратын жерлерді таңдау болып отыр екен. «Тұрақтылық» санаты бойынша Швецияның Гетеборг қаласы жеңіп шықты. Оған «аялдау үшін ең қолайлы тұрақты қала» атағы берілді. Грекия гурмандарға арналған ел санаты бойынша үздік деп танылды. Қазақстан болса, елдегі тұрғын үй үлгісіндегі заманауи қонақ үйлердің арқасында «қауымдастық» санатында қарсыластарынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР