Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос өзі негізін қалаған Blue Origin компаниясы құрастырған кемеде ғарышқа ұшуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ғарыш кемесі американдық астронавт Алан Шепардтың құрметіне арнап New Shepard деп аталды.
Дүйсенбі күні таңертең Instagram парақшасында жариялаған видеода айтылған миллиардердің пікірінше, ғарыштан қарағандағы Жердің көрінісі адамды және оның өз ғаламшарына деген көзқарасын өзгертпей қоймайды.
Видеода Джеф Безос өзінің інісі Маркты New Shepard бортында бірге болуға шақырады.
Жалпы кемеде 6 жолаушыға арналған орын бар. Бір орын аукционда ойнатылады. Қазіргі уақытта аукциондағы ең жоғары баға 2,8 миллион долларды құрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram