2024-03-28 13:54:05
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бурдж-Халифа ғимаратында Гагариннің портреті пайда болды

Бурдж-Халифа ғимаратында Гагариннің портреті пайда болды
© Коллаж RuBaltic.Ru

Дубайда Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл болуына орай іс-шара өтті. Кеңес дәуіріндегі ғарышкердің портреті Бурдж-Халифа ғимаратының қасбетінде 3 минут көрсетілді,- деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрсетілімнің ұзақтығы шамамен үш минут болды. «СССР» жазуы бар скафандр киген Гагариннің суретінен бөлек, ғимаратта әртүрлі тілде қандай күн екені жазылған мәтін пайда болды.

Бурдж-Халифаның биіктігі — 828 метр. Ғимараттың 163 қабаты бар. Бұл әлемдегі ең биік және көп қабатты ғимарат.

1961 жылы 12 сәуірде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин адамзат тарихында алғаш рет «Восток-1» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бір сағат 48 минутта ол жер шарын айналып өтіп, Ресейдің Саратов облысындағы Смеловка ауылы маңына қонған еді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР