2024-04-26 20:54:04
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

АҚШ әскері жоқ Ауғанстан

АҚШ әскері жоқ Ауғанстан
© Reuters

Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ ұшып кетті. АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады. Бұл туралы Пентагон өкілі генерал Кеннет Маккензи 31 тамыз, сейсенбіге қараған түні айтты, — деп хабарлайды Citynews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«АҚШ-тың барлық әскери қызметкері Ауғанстаннан кетті», — деді АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы арнайы брифингте.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісінің міндетін атқарушы Росс Уилсон соңғы эвакуациялық ұшақпен Ислам Республикасынан кетті, деді Маккензи.

Генералдың айтуынша, америкалықтар Ауғанстанда қалған әскери техниканы істен шығарған, оны қайтадан пайдалану мүмкін емес.

«Біз жүйелер (әуежайдың зымыранға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету) соңғы минутқа дейін жұмыс істегенін жөн санадық, бұл күрделі жүйелер, оларды бөлшектеу уақытты қажет етеді және техникалық тұрғыдан қиын, сондықтан біз оларды ешқашан пайдаланбау үшін істен шығардық, біз оны маңызды деп санадық», — деді әскери қызметкер брифингте.

Сондай-ақ, ол 26 әскери техника мен 73 ұшақ әдейі істен шығарылғанын айтты. «Олар енді ешқашан ұшпайды», — деді Пентагон өкілі.

АҚШ федерал авиация басқармасы АҚШ Кабул әуежайындағы әуе қозғалысын бақыламайтынын мәлімдеді.

Al-Jazeera телеарнасына дереккөз берген мәлімет бойынша, АҚШ әскерлерінің шығарылуы аяқталғаннан кейін Кабул халықаралық әуежайы «Талибан» қозғалысының толық бақылауына өткен (Қазақстанда тыйым салынған).

«Соңғы шетелдік әскери қызметкер Ауғанстан аумағынан кетті. Қазір елдің барлық аумағы тәліптердің бақылауында. Енді біздің мемлекет еркін және тәуелсіз», — деді РИА Новостиге «Талибан» өкілі Мохаммад Наим.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы АҚШ күштерін шығарудың соңғы күні — 31 тамыз болатынын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР