2024-04-27 02:33:56
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлемдегі ең үлкен бала қайтыс болды

Әлемдегі ең үлкен бала қайтыс болды
Фото: РИА Новости

Әлемдегі ең семіз бала ретінде танылған Қабардин батыры Жамболат Хатохов 21 жасында қайтыс болды, -деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Sputnik.kz сілтеме жасап.

Қабардин батыры Жамболат Хатохов 21 жасында Нальчикте қайтыс болды. Ол 2003 жылы әлемдегі ең үлкен бала ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Жамболат Хатоховтың қайтыс болғаны туралы Ресейдің мас-рестлинг бойынша жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Бетал Губжев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы, Қабардин-Балқар Республикасының тұңғыш сумо палуаны Жамболат Хатохов дүниеден озды», – деп жазды ол.

Жаттықтырушы Хатоховтың қайтыс болу себеп-салдары туралы ештеңе жарияламады.

Жамболат Хатохов 1999 жылы 24 қыркүйекте Қабардин-Балқардағы Терек қаласында дүниеге келген.

Бір жасында оның салмағы он жеті килограммға сәл ғана жетпеді. Жамболат бірінші сыныпқа барғанда салмағы 115 келі болатын.

Он жеті жасында оның салмағы 230 килограммға жетті. Одан кейінгі бір жыл ішінде ол 50 келіден артық салмақ тастады. Яғни, он сегіз жаста оның салмағы 176 килограмм болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР