2024-04-19 20:16:39
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде

Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде
Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданында бес жүз отыз  жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелген. Оның ішінде екі жүз тоқсан бес үй жылыту маусымына дайын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР