2022-05-28 01:54:02
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Заң талаптарына сәйкес 1700-ге жуық азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды

Заң талаптарына сәйкес 1700-ге жуық азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды 1
Шымкент қаласында 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттарына сәйкес баспанамен қамтылған және санатын жоғалтқан, атына тұрғын үй тіркелген, қайтыс болған, басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кеткен, несиелік бағдарлама арқылы пәтермен қамтылған 1679 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды.
Оның ішінде көпбалалы отбасылар санаты бойынша екі  жүз  отыз  төрт азамат, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы үш жүз сексен үш , жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 32, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша мың отыз азаматты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес кезектен шығару жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73 бабының талаптарына сәйкес кезектен шығару тұрғын үй басқармасымен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР