2024-03-29 06:58:16
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттің ең көне мектебі 146-шы соңғы қоңырауын соқты

Шымкенттің ең көне мектебі 146-шы соңғы қоңырауын соқты

Шымкент қаласындағы ең көне мектеп – М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназиясы. Бүгін бір жарым ғасырлық тарихы бар мектепте 146-шы соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мектеп түлектерінің салтанатты іс-шарасына қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысты. Е. Білісбеков барша мектеп бітірушілерін соңғы қоңырау күнімен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі.

– Бұл білім ұясы – қаламыздағы ең көне және тарихы терең мектеп. Бүгінде есімдері елге танымал қаншама азаматтар осы мектептен қанат қаққандарын мақтанышпен айтады. Өзім де №8 мектеп-гимназиясының түлегімін. Құрметті мектеп бітірушілер, баршаңызға өмірлік сәттілік тілей отырып, ұлағатты ұстаздарымызға қажырлы еңбектері үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Үнемі шығармашылық ізденістің, жоғары оқу сапасына ұмтылудың арқасында мектеп 80-жылдардың соңында дарынды балаларды көпсалалы оқыту бойынша эксперименттік алаң мәртебесін алды. 1992 жылы мектеп гимназия мәртебесін иеленген. Бүгінде оқушыларды үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 1997 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 158 -і 11-сынып түлектері. 22 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алуға үміткер. Үздік аттестат алуға үміткерлер саны – 6.

Шымкенттің ең көне мектебі 146-шы соңғы қоңырауын соқты

Айта кетерлігі, гимназия биыл Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, «Шымкент жастар лигасының» ширек финалында баскетболдан бас жүлдені иеленген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР